
Азамат Әбілқасымұлы Сарсенбаев 1993 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келді.Ата-анасы Алматыға қоныс аударып, үш жасында «Ұлан» балабақшасына барды. Ауылдан келген қара домалақ бала қаланың балаларымен тез-ақ тіл табысып, сіңісіп кеткен.Сонда жұмыс істейтін Сәрсен:
– Азаматтың болмысы ерекше «сенікі дұрыс, сенікі дұрыс емес, былай істейсің!» – деп қасындағы балаларды басқарып жүреді,амандық болса балаң бір жерден шығады- деп балалығына үміт артып әкесіне айтқаны бар. Мақала толығымен… »
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын кезекті Жолдауында он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру мақсаты алға қойылған. Жолдаудағы міндеттердің алтыншы бөлігі сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғыртуға арналған.
«Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» демекші, судьялар сот төрелігін тек заңмен, ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс. Ал бұл ретте Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілдігін арттыру, сөйтіп өз жұмысын өздері бастау талабы қойылады. Демек, соттағы әрбір судья, әрбір қызметкер Судья әдебі кодексі мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын қатаң сақтап, тәртіп пен реттілікті, әдеп пен мәдениеттілікті өмірлік қағидасына айналдыруы тиіс.
Адамдар сотқа басына түскен қиын жағдайды шеше алатын ең соңғы мүмкіндігім деп жүгінеді. Сондықтан біздің Төле би аудандық сотында олардың сенім үдесінен шығу үшін сот қызметкерлері адамдардан талап-арызды қабылдау сәтінен бастап, сот актісі шыққанша барынша елгезек, жіті, әдепті де мәдениетті болумен қатар, істі сот процесінде қарауға терең дайындалып, құжаттардың түгелділігін, ондағы қажетті мәліметтердің толықтығын қамтамасыз етуге, қажет болса, керек құжаттарды тиісті органдардан алдыруға көмек көрсету сияқты істерді дер кезінде және сапалы орындауға барын салады. Сот қызметкерлері ең алдымен келген адамдардың реніш-наразылығын тудыратындай ешқандай ілікке жол бермеуі керек. Сол себепті оларға қажетті құжатын қолма-қол беріп жіберуге тырысамыз. Ал ондай мүмкіндік болмаса, сол адамның сот табалдырығын тоздырмауы үшін сотқа келетін дәл мерзімін айтамыз. Мақала толығымен… »
Гүлсара Шалқар
Аға іздеп жүрмін
Жадыраған күлкімді шын бақытқа балайсыз,
Шерлі соққан дүрсілді аңғармайсыз қалай сіз?
Жанарымда сүйкімді жасырынған бар айғыз…
Жаз жүзімде нұр тұрды,
Нәзік жүрек солай…күз. Мақала толығымен… »
Көркем шығарманың құрылысын адам десек, онда оның сыртқы бөгенайы – формалық фактор, мәндік қасиеті – мазмұндық фактор болады. Сол секілді, оның миы – тақырып, жүрегі – өзекті ой, қан тамырлары – сюжет болады. Сыртқы күштің әсерін жұлын арқылы сезген миға дереу ой оралады да, жүрекке қан айналысын тездетуді бұйырады. Жүрек денедегі қан айналысын тездетеді. Осыдан кейін адам тосын шабуылға қарсылық көрсету немесе қорғану арқылы жауап қайтарады. Көркем туындының жарық көруі де бейне адамның әрекеттенуіне ұқсайды. Жазушы өмірдегі адаммен оқиғалардан әсерленіп, оған ынтасы ауғаннан кейін тақырыпты және өзекті ойды белгілейді. Ішкерілей ойлау барысында жазушы ойына нақтылы образ келеді, шығарма бөгенайы қалыптаса бастайды. Нәтижеде, мазмұн мен көркем образ ұштасып, көркем туынды туылады. Мақала толығымен… »
БАЯНҒАЛИ ҒАЛЫМЖАНОВ
1976 жылы 29 қаңтарда Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында туған. Мамандығы-филолог, магистр. Қазір Астана қаласында тұрады. Қазіргі жұмыс орны Астана қаласы Білім беру жүйесіндегі кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының кафедра меңгерушісі.
СЕБЕБІ БІЗ АҚЫНБЫЗ…
Шыр-пыр болып аяқасты,
Алау оттай күйіп жансақ.
Жүрек толқып жыр төгілер,
Қолымызға қалам алсақ. Мақала толығымен… »
Кәрібаева Айжан Берекетқызы 1991 жылы 30 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Бала кезінен әдебиет, музыка, тарих пәндерін сүйіп оқыды. №13, №15 мектептерде білім алған. Орыс тілінен, тарих, әдебиет пәндерінен түрлі мектепаралық, ауданаралық, қалалық олимпидаларының жеңімпазы. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің 3 курс студенті. «Екпін» мәдени-танымдық интернет журналында журналист болып қызмет атқарады. Мақала толығымен… »
admin
28 Сәуір 2012
Проза
Бауыржан Игілік
1990 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында Семей қаласындағы жалпы білім беретін №42 орта мектепте оқыған. Қалалық,облыстық,республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Қазіргі уақытта Семей мемлекеттік педагогика институтының филология факультетінің 4 курс студенті.
Ертүрік
Қасқыр емен!
Бөрімін, бөлтірікпін!
Бөлтіріктей намысты ерте ұлыттым.
Нақ қадалған жасындай жебесімін
Атқа қонған дала үшін Ертүріктің! Мақала толығымен… »
Соңғы пікірлер